fbpx

KZ

 2025 жылғы 18 шілдеде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына «Аумақтық анестезия және ауырсынуды интервенциялық емдеу қоғамы» қоғамдық бірлестігінің делегаттары ресми сапармен келді.

Басқарма Төрағасының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Батыр Айтмолдин қонақтарға орталықтың қызметі туралы кеңінен мәлімет беріп, негізгі құрылымдық бөлімшелердің жұмысын таныстырды және Диагностика департаментіндегі заманауи медициналық жабдықтарды көрсетті.

Сондай-ақ делегаттар қабылдау бөлімін, комбустиологиясы бар іріңді-септикалық хирургия департаментімен қатар, орталықтың тікұшақ қонатын алаңын аралап көрді.

Қонақтар орталықтың ұйымдастырушылық деңгейін, қызметкерлердің кәсібилігін және техникалық жарақтандырылуын жоғары бағалады.

Кәсіби қызығушылық пен мазмұнды диалог үшін әріптестерімізге алғыс білдіреміз!

FaLang translation system by Faboba