fbpx

KZ

2025 жылғы 23 шілдеде Маңғыстау облыстық ауруханасынан 1991 жылы туған ауыр жағдайдағы пациент – денесінің 20%-ын қамтыған ІІ–ІІІ дәрежелі күйік диагнозымен шұғыл түрде тасымалданды.

Пациентті Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобильдік бригадасы  тәжірибелі дәрігер Оспанов Алдаберген және фельдшер Джузбаева Жұлдыз  алып жүрді.

Медициналық бригаданың кәсіби және үйлесімді әрекетінің арқасында пациент қауіпсіз әрі шұғыл түрде ҰШМҮО-ның іріңді-септикалық хирургия және комбустиология бөліміне жеткізіліп, қазіргі уақытта еліміздің жетекші комбустиологтарының бақылауымен емін жалғастыруда.

FaLang translation system by Faboba