2025 жылдың 5 тамызы күні Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің делегациясы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына ресми сапармен келді. Делегация құрамында қауіпсіздік жөніндегі консул Чи Хэсон (Ji Haesung) және елшілік қызметкері Аспет Бекмагамбетова болды.
Сапар аясында қонақтар орталықтың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Әсіресе диагностикалық департаменттің техникалық жабдықталуы ерекше қызығушылық тудырып, заманауи технологиялар мен озық құрылғылардың қолданылуы жоғары бағаланды. Сонымен қатар, делегаттар қабылдау бөлімін, акушерлік департаментті және тікұшақ қонатын арнайы алаңды аралап көрді. Қонақтар шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесінің тиімділігіне жоғары баға берді.
Бұл сапар денсаулық сақтау саласындағы әріптестік байланыстарды нығайту және болашақ ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылау жолындағы маңызды қадам болды.