2025 жылғы 20 тамызда Абай облысының Үржар ауданынан Астанаға жол-көлік оқиғасынан қатты зардап шеккен екі бала шұғыл тасымалданды.
Тасымалдауды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиация күштері жүзеге асырды. Ұшу дәрігер А. С. Бейсенов пен фельдшер Е. С. Құндақбаевтан тұратын мобильдік бригаданың мүшелерімен жүзеге асты.
Алдыңғы күні зардап шеккендердің жай-күйін бағалау, жедел емдеу жоспарын анықтау және қажетті операцияларды жүргізу үшін Үржарға мамандар командасының құрамында ҰШМҮО реаниматологы Е.Шакан ұшып кетті.
Пациенттер әрі қарай емдеу және білікті медициналық көмек алу үшін Астана қаласының №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына аман-есен жеткізілді.
Барлық мамандарға жеделдігі мен үйлесімді жұмысы үшін алғыс айтамыз!
Кішкентай пациенттерге тезірек сауығып кетуді тілейміз!