fbpx

KZ

2025 жылдың 8 тамызында Атырау облыстық ауруханасынан ауыр халдегі пациент мидың ортаңғы артериясынан болған субарахноидальды қан құйылу диагнозымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына шұғыл түрде жеткізілді.

 Тасымалдау ҰШМҮО медициналық авиация мобильдік бригадасының көмегімен жүзеге асырылды. Бригаданың құрамында дәрігер Борис Сартаев пен фельдшер Болат Шарипов болды.

Пациент ҰШМҮО нейрохирургия департаментіне сәтті жеткізіліп, әрі қарай ем алу және білікті медициналық көмекке қол жеткізу үшін орналастырылды.

 Кәсібилігі мен жанқияр еңбегі үшін мобильді бригадаға алғыс білдіреміз! Адам өмірін құтқаруда әр минут маңызды – сіздер мұны күн сайын дәлелдеп келесіздер.

FaLang translation system by Faboba