2025 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара аясында Астана қаласының егде жастағы тұрғындары үшін тегін медициналық тексерулер ұйымдастырылды. ҰШМҮО дәрігерлері заманауи технологияларды қолдана отырып, денсаулық жағдайына кешенді тексеру жүргізіп, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз етті.
Пациенттер ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), электрокардиограмма (ЭКГ), видеогастродуоденоскопия (ВГДС) сынды тексерулерден өтіп, терапевт, кардиолог, травматолог, офтальмолог және невролог мамандардың кеңесін алды. Қатысушылар медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен қамқор көзқарасына ризашылықтарын білдірді.
Бұл іс-шара халық денсаулығын нығайтуға қосқан үлес қана емес, сонымен қатар еліміздің Негізгі заңының маңыздылығын еске салған жарқын оқиға болды. Қазақстан Республикасының Конституциясы — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, әділдік, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы болып табылады.