fbpx

KZ

2025 жылдың 4 қыркүйегінде үш пациент медициналық авиация көмегімен шұғыл түрде Астанаға эвакуацияланды.

Олардың екеуі Қостанай қаласынан, көптеген дене жарақаттарымен әкелінді. Бір пациент аса ауыр жағдайда болып, жасанды тыныс алу аппаратына (ИВЛ) қосылған күйде жеткізілді.
Үшінші пациент  субарахноидальды қан кету диагнозымен Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласынан шұғыл тасымалданды.

 Барлық пациенттер тасымалдау барысында ҰШМҮО медициналық авиациясының мобильдік бригадасы тарапынан үздіксіз медициналық бақылауында болды.

Қостанай бағытындағы бригада құрамында:
• дәрігерлер Бейсенов Ахан, Жантасов Болат
• фельдшерлер Садвокасов Жасұлан, Санкевич Елена, ал, Өскемен бағытындағы бригаданы:
• дәрігер Тілекберді Саяхат
• фельдшер  Кундыкбаев Ерулан құрады.

 Барлық үш пациент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына эвакуацияланды. Медициналық авиация мобильдік бригадаларының жоғары кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау қауіпсіз, сәтті жүзеге асты.

Пациенттерге  тезірек сауығып кетуін және мықты денсаулық тілейміз!

FaLang translation system by Faboba