fbpx
103

НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

2025 жылғы 7 қыркүйекте Ерейментау қаласынан Астанаға 2010 жылы туған пациент шұғыл түрде тасымалданды. Қойылған диагнозы: омыртқаның мойын бөлігінің сынуы, жұлынның зақымдануы, тетраплегия.

Тасымалдау Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиация қызметі арқылы жүзеге асырылды. Мобильдік бригада құрамында дәрігер-реаниматолог Кұрбанбеков Нұрсұлтан мен фельдшер Тоқтыбаев Асылбек болды.

Пациент Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына сәтті жеткізіліп, әрі қарай мамандандырылған ем қабылдайтын болады.

 Мобильді бригадаға жоғары кәсібилігі мен үйлесімді жұмысы үшін алғыс білдіреміз. Пациентке тез сауығып кетуін тілейміз!