2025 жылғы 24-26 қыркүйек күндері Беларусь Республикасы, Минск қаласында «V Ашық жедел медициналық жәрдем бригадалары сайысы – 2025» өтеді. Қазақстан атынан медициналық авиацияның мобильдік бригадасы құрамында дәрігер Тілекберді Саяхат пен фельдшер Кұндақбаев Ерулан қатысып жатыр. Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем қауымдастығының Төрағасы Асхат Сапаров пен ҰШМҮО Оқу-тренингтік орталығының басшысы Ғұмырбек Ағыбаевтың жетекшілік етуімен барды.
Бұл ауқымды шара Минск қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясының 115 жылдығына арналған және жедел медициналық көмек көрсету теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын бағалауға, сондай-ақ халықаралық тәжірибе алмасуға бағытталған.
Қазақстан делегациясының қатысуы отандық жедел жәрдем қызметінің жоғары кәсібилігін және оның халықаралық аренадағы мойындалуын айқын көрсетеді.