2025 жылдың 24–26 қыркүйегінде Беларусь Республикасы, Минск қаласында «V Ашық жедел медициналық жәрдем бригадалары чемпионаты – 2025» өтуде.
Жарысқа Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел медициналық жәрдем бригадасы қатысып, төрт кезең бойынша өз шеберлігін көрсетуде. Әр кезең нақты клиникалық сценарийлерге негізделіп, қатысушылардан жоғары кәсіби даярлықты, командалық үйлесімділікті, жылдам реакция мен дәл шешім қабылдауды талап етеді.
Жедел медициналық жәрдем бригадалары мүмкіндігінше нақты жағдайларға ұқсас ортада жұмыс істеп, уақыт пен кәсіби шеберлік бойынша жарысып жатыр.
ҰШМҮО командасын қолдап, чемпионатта сәттілік тілейік!