Беларусь Республикасы, Минск қаласында өткен V Ашық жедел медициналық жәрдем бригадалары чемпионаты – 2025 қорытындысы бойынша Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел медициналық жәрдем бригадасы бірінші орынды иеленді.
Команда жарыстың барлық төрт кезеңінде жоғары кәсіби деңгейін көрсетті, клиникалық жағдайларды шеберлікпен шешіп, бірлік пен шеберліктің табысқа апарар жол екенін дәлелдеді.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және ҰШМҮО командасымен мақтанамыз!