2025 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында «Ахмет Байтұрсынұлы және XX ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
⠀
Конференцияда XX ғасыр басындағы қазақ әдеби тілінің дамуы, Ахмет Байтұрсынұлының тілтану саласындағы мұрасы және ұлттық сананың жаңғыруы мәселелері қарастырылды.
⠀
Іс-шара барысында қазақ әдеби тілінің қалыптасу және даму кезеңдері, Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесі, сондай-ақ қазіргі тіл саясаты мәселелері жан-жақты талқыланды. Конференцияға педагогика, тіл білімі және терминология саласының мамандары мен сарапшылары қатысты.
⠀
Мұндай шаралар ұлттық құндылықтарды насихаттау, ана тіліне деген құрметті арттыру және қоғамдық бірлікті нығайту жолындағы маңызды бастамалар болып табылады.