fbpx

KZ

 2025 жылғы 6 қазанда Жүрек ырғағы орталығы және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ғылым және білім бөлімі жетекшісі, профессор Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов Ташкент қаласындағы Кардиология бойынша Республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығында шеберлік сабағын өткізді.

Іс-шара аясында «Жүрек өткізгіш жолдарын физиологиялық стимуляциялау» тақырыбында практикалық шеберлік сабағы ұйымдастырылып, оның барысында өзбекстандық мамандар интервенциялық кардиологияның озық әдістерімен және жүрек ырғағы бұзылыстарын емдеудің заманауи тәсілдерімен танысты.
Сондай-ақ, «Жүрек ырғағы бұзылыстарын интервенциялық емдеу» тақырыбында шолу дәрісі оқылды. Сонымен қатар, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Дәріс пен шеберлік сабағы Өзбекстандағы Қазақстан медицинасы күндері аясында өтті және өзбек әріптестер тарапынан үлкен қызығушылық пен оң пікірге ие болды.
FaLang translation system by Faboba