Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының акушерлік департаментінде салмағы 5780 грамм болатын нағыз батыр сәби дүниеге келді!
Босандырудың дұрыс тактикасын таңдау мен мамандар тобының үйлесімді жұмысының арқасында босану сәтті өтті. Ана мен баланың жағдайы жақсы.
Сәбидің дүниеге келуімен отбасын шын жүректен құттықтаймыз!
Сондай-ақ өз ісіне адалдық пен жоғары кәсібилік танытқан дәрігерлеріміз бен медицина қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз!