fbpx

KZ

Өзбекстан Республикасында Қазақстан медицинасы күндерін өткізу аясында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма төрағасы Ержан Боранбайұлы Әділбеков, Басқарма төрағасының орынбасары Батыр Айтолдинұлы Айтмолдин және Жүрек ырғағы орталығының жетекшісі Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов Самарқанд филиалының Шұғыл медициналық жәрдем көрсету республикалық ғылыми орталығына барып, медициналық көмек көрсету жүйесімен танысты.

Сапар барысында ҰШМҮО өкілдері инсульт қызметі, медициналық авиация, колопроктология және аритмология тақырыптарында баяндамалар мен дәрістер өткізіп, екі елдің мамандары арасында тәжірибе алмасу мен кәсіби ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жұмыс жүргізді.

Бұдан бөлек, Самарқанд облысының тұрғындарына ҰШМҮО-ның жетекші мамандары тегін консультациялар өткізді. Пациенттерге әртүрлі ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға ықпал етіп, шұғыл медицина саласындағы қазақстандық мамандардың жоғары кәсіби деңгейін көрсетті.

FaLang translation system by Faboba