2025 жылғы 14 қазанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында еліміздің барлық өңірлерінен келген медициналық авиация қызметінің дәрігер-координаторларының жыл сайынғы кеңесі өтті.
Іс-шара аясында жаңа ақпараттық жүйені қолдану бойынша оқыту өткізілді.
Кеңес барысында қатысушылар медициналық авиация қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін және енгізіліп жатқан ақпараттық жүйенің мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысында мамандар тәжірибе алмасып, өңірлердегі шұғыл медициналық көмекті дамыту мен жетілдірудің алдағы бағыттарын айқындады.