fbpx

KZ

2025 жылдың 14–15 қарашасында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында I Қазақстандық колоректалды хирургтар конгресі өтіп жатыр. Бұл елдегі алғашқы ірі шара болып табылады және колоректалды хирургия саласындағы заманауи жетістіктер мен өзекті мәселелерге арналған.

Шарада профессор, академик Жаксылық Досқалиев, М.М. Мамакеев атындағы Ұлттық хирургия орталығының (Қырғызстан) директорының орынбасары Жәнібек Әшімов, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы Ержан Әділбеков, Қазақстандық колоректалды хирургтар қауымдастығының Президенті Батыр Айтмолдин сөз сөйледі.

Конгрестің бағдарламасына тоқ ішек пен тік ішектің өзекті аурулары, соның ішінде онкологиялық патологиялар талқыланады, сондай-ақ олардың заманауи диагностика және емдеу әдістері қарастырылады.

FaLang translation system by Faboba