fbpx

KZ

2025 жылдың 14 қарашасында Вьетнамнан Астанаға 1973 жылы туған пациент отадан кейінгі кезеңде болған геморрагиялық инсульттан кейін ауыр жағдайда шұғыл түрде тасымалданды.

Тасымалдауды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильді бригадасы күшімен жүзеге асырылды. Бригаданың құрамында бүкіл әуе сапары барысында дәрігер Борис Сартаев пен фельдшер Ерулан Кундакбаев болды.

Қазіргі уақытта пациент әрі қарай ем алу үшін ҰШМҮО-ның нейрохирургия және неврология департаментіне жатқызылды.

Мобильді бригадаға олардың кәсібилігі мен іске адалдығы үшін алғыс білдіреміз.

Науқастың тез сауығып кетуін тілейміз!

FaLang translation system by Faboba