fbpx
103

НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

2025 жылғы 21 қарашада Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында BLS, ACLS, PALS, PHTLS нұсқаушыларын даярлау бойынша курс өтіп жатыр. Курсты Израильдегі «Galilee Medical Center» сертификатталған мамандары жүргізеді. Бұл орталық Американдық жүрек қауымдастығының (AHA) аккредиттелген тренинг орталығы болып табылады.

Курс қатысушылары клиникалық сценарийлерді шағын топтарда заманауи симуляторлар мен манекендерде тәжірибе жасап, «Provider» және «Instructor» сертификатын алады. Сертификаттар онлайн верификация үшін ерекше QR-кодпен ұсынылады.Ол Қазақстан Республикасында заңды және әрі қарайғы кәсіби қызметке құқық береді.

Курс реаниматолог дәрігерлер, кардиологтар мен терапевттер, невропатологтарға, сондай-ақ, медициналық нұсқаушылар мен шұғыл медициналық қызметтің мамандарына арналған.