fbpx
103

НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

2025 жылдың 22 қарашасында Ақтаудан Астанаға 2011 жылы туған пациент шұғыл түрде жеткізілді. Диагнозы: «Инсулинге тәуелді қант диабеті, кетоацидоз, полинейропатия».

Тасымалдау Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиация мобильдік бригадасы — дәрігер Исмагулова Райхан және фельдшер Кундакбаев Еруланның қатысуымен жүзеге асырылды.

ҰШМҮО мобильдік бригадасына жоғары кәсібилік, жылдамдық пен үйлесімді жұмысы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Пациентке тез сауығып кетуін тілейміз!