fbpx

KZ

24 қараша 2025 жылы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Түрікменстанның Денсаулық сақтау министрі Мұрат Маммедов келді.

Делегация ҰШМҮО-ның негізгі бөлімшелерінің жұмысымен танысып, қонақтарға заманауи диагностикалық әдістер, қабылдау бөлімінің қызметі және медициналық авиация инфрақұрылымы таныстырылды.

Келіссөздер барысында тараптар тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, мамандарды бірлесіп даярлау бағдарламаларын және медициналық көмектің заманауи стандарттарын енгізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, медициналық персоналдың біліктілігін арттыру және инновациялық технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

FaLang translation system by Faboba