2025 жылғы 26–27 қарашада Астанада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету тәжірибесімен алмасу жөніндегі семинарға Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының өкілдері қатысуда.
Іс-шараны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Семинар жұмысына сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысып жатыр.
Семинар барысында түрік сарапшылары жер сілкіністері мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру тәжірибесін таныстырды. Кездесуге Әзербайжан Республикасы мен Қырғыз Республикасының делегациялары да қосылды.
Семинар Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен және Пандемиялық қордың (#PandemicFund) қаржылай қолдауымен өткізіліп жатыр.