2025 жылғы 28 қарашада Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету тәжірибесімен алмасу семинары аясында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына келді.
Қонақтар орталықтың жұмысымен танысып, диагностика департаментін, қабылдау бөлімін, телемедицина департаменті мен ҚМҚ-ны және Оқу-тренингтік орталығын аралады.
Сапар барысында тараптар одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Әсіресе медициналық кадрларды даярлау, шұғыл медицинаны цифрландыру және төтенше жағдайларға ден қоюға дайындықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.