fbpx

KZ

2025 жылғы 2 желтоқсанда Атырау облыстық жедел медициналық көмек станциясының медициналық авиация бөлімшесіне Қызылқоға аудандық ауруханасынан 1948 жылы туған пациентті «жедел коронарлық синдром» диагнозымен тасымалдау қажеттілігі туындағаны туралы жедел шақырту келіп түсті.

Атырау облыстық кардиологиялық орталығының мамандарымен бірлесе отырып, пациентті облыстық орталыққа тасымалдау туралы шешім қабылданды.

Сол күні пациентті кардиореаниматолог дәрігер Жангелді Қадыров пен медбике Әсел Амангелдінің сүйемелдеуімен тасымалдау жүзеге асырылды. Олар пациенттің жағдайын жол бойында үздіксіз бақылап, қажетті медициналық көмек көрсетті.

 Пациент қосымша тексерулерден өтіп, қажетті ем алу үшін облыстық орталыққа қауіпсіз жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba