fbpx

KZ
"Хабар" телеарнасының журналистері Басқарма Төрағасының орынбасары Айтмолдин Батыр Айтмолдинұлынан және Жүрек ырғағы орталығының жетекшісі Абдрахманов Аян Сүлейменұлынан сұхбат алып, онда 2025 жылға арналған Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жұмысы қорытындыланды.
Сұхбат барысында биылғы жылы медициналық авиация желісі бойынша Германия, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Түркия, Мысыр және Қырғызстан елдерінен пациенттер тасымалданғаны айтылды. Сондай-ақ, аритмология саласында елде алғаш рет бірегей операция жасалып, отандық аритмологияның маңызды жетістігі болғаны ерекше көрсетілді.
Оған қоса, ҰШМҮО-ның халықаралық қызметіне де ерекше назар аударылды. 2025 жылы оның базасында халықаралық сарапшылардың қатысуымен ірі форумдар, саммиттер және конгрестер ұйымдастырылды.
Конституцияның 30 жылдығына орай зейнеткерлерге тегін медициналық тексерулер өткізілсе, ал, Инсультпен күрес күніне арналған Ашық есік күні ұйымдастырылғаны сөз болды. Ақтауда өткен жедел медициналық жәрдем чемпионатына қатысқан және Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсеткен ҰШМҮО мамандарының жұмысы атап өтілді.
2025 жыл Орталық үшін маңызды жетістіктерге толы, халықаралық ынтымақтастықты нығайтқан және әлеуметтік бағыттағы бастамаларды жүзеге асырған кезең болды.
FaLang translation system by Faboba