Медициналық көмек туралы, сондай-ақ МӘМС жүйесіндегі өзгерістер бойынша (емхана мен аурухана деңгейіндегі медициналық көмек, диспансерлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, госпитализациялау, медициналық көмектің сапасы, медициналық персонал тарапынан болған бұзушылықтар мен шағымдар және т.б.) нақты әрі толық ақпаратты мына ресми арналар арқылы алуға болады:
1414 – Бірыңғай байланыс орталығы
SAQTANDYRYBOT – Telegram-бот
QOLDAU 24/7 – мобильді қосымша
EGOV.KZ және EGOV MOBILE – электрондық үкімет порталы мен мобильді қосымшасы
Тіркелген емханаңызда – тіркеу орны немесе жауапты мамандар
Ақпарат алу үшін тек ресми көздерге жүгінулеріңізді сұраймыз.