23 желтоқсанда Басқарма Төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы және Республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығының қызметкерлері халықаралық ынтымақтастық аясында «УДАР» бағдарламасының (Ресей Федерациясы, Приморск өлкесі) өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар инсульт қызметінің қазіргі жағдайын талқылап, жедел тамырлық оқиғалары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасып, цифрлық шешімдер мен телемедицинаның мүмкіндіктерін қарастырды.
Пациенттерді тәулік бойы (24/7) үйлестіру және мониторинг жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ КТ-суреттерді талдау үшін жасанды интеллектті қолдануға ерекше назар аударылды. Қолданылып отырған жүйелердің медициналық деректер алмасудың FHIR R4 халықаралық стандартына сәйкестігі аталып, әрі қарайғы ғылыми және жобалық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.