fbpx

KZ

2025 жылғы 28 желтоқсанда Корея Республикасының Сеул қаласынан Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына ми инфаркты диагнозы қойылған ауыр жағдайдағы пациент шұғыл жеткізілді.

Тасымалдауды ҰШМҮО медициналық авиациясының мобильдік бригадасы жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырды. Бригада құрамында дәрігер Баймышев Дәурен Қадержанұлы мен фельдшер Санкевич Елена Борисовна болды.

Қазіргі уақытта пациент ҰШМҮО нейрохирургия және неврология департаментінде ем алып, білікті мамандардың тұрақты бақылауында болып, қажетті медициналық көмектің толық көлемін алып жатыр.

Науқастың тезірек сауығып, толық қалпына келуін тілейміз!

FaLang translation system by Faboba