Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында барлық құрылымдық бөлімшелер арасында Жаңа жылдық безендіру байқауы өткізілді. Әр бөлімше байқауға үлкен жауапкершілікпен қатысып, креативтілігін және жоғары талғамын көрсетіп, шын мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қолдан жасалған әшекейлер, ерекше идеялар мен жылы көңіл-күй орталықтың әр бұрышын мерекелік атмосфераға бөлеп тұрды.
Байқау қорытындысы бойынша ерекше безендіруімен, үйлесімділігімен және шығармашылық тәсілімен көзге түскен департаменттер жүлделі орындарға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталды:
1 орын — Медициналық авиация департаменті
2 орын — Урология департаменті
3 орын — Акушерлік департаменті
4 орын — Комбустиологиясы бар іріңді-септикалық хирургия департаменті
5 орын — Нейрохирургия және неврология департаменті
6 орын — Кір жуу орны және дезкамера бөлімі
Барлық қатысушыларға белсенділік, ұйымдастырушылық және мерекелік көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыс білдіреміз!
Жаңа жылдарыңызбен!