ҰШМҮО медициналық авиациясының 2025 жылғы жұмыс қорытындылары
2025 жылғы 1 қаңтар мен 30 желтоқсан аралығында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильді бригадалары барлығы 2 272 ұшып шығуды жүзеге асырды, оның ішінде:
✈️ ұшақтармен — 1 742 ұшу,
? тікұшақтармен — 530 ұшу.
2025 жылы барлығы 9 халықаралық ұшып шығу орындалып, оның барысында 9 пациент сәтті тасымалданды. Медициналық эвакуация Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Вьетнам, Қырғыз Республикасы және Мысыр елдеріндегі медициналық ұйымдардан жүзеге асырылды.
ҰШМҮО медициналық авиациясы халықаралық медициналық тасымалдауды қоса алғанда, уақтылы әрі сапалы шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету бағытындағы маңызды миссиясын жалғастырып келеді.