Саланы қаржыландыру көлемі 3 есеге ұлғайды — 2025 жылғы бюджет 3 трлн теңгені құрады. Үш ірі республикалық клиника пайдалануға берілді, ауылдық жерлерде 655 жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулатория іске қосылды, скринингтерді кеңейту арқылы профилактикалық бағыттар күшейтілді.
Жоғары технологиялық бағыттар да қарқынды дамуда: ана мен баланың денсаулығын сақтау жүйесі нығайтылды, онкологиялық қызмет жаңғыртылды, елдегі алғашқы протондық терапия орталығы ашылды. Дәрілік саясат жаңартылып, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізілуде.
Саланың басты құндылығы — адам. Біз медицина қызметкерлерін қолдауды жүйелі түрде күшейтіп келеміз және сапалы әрі қолжетімді медициналық көмектің әрбір азаматқа жақын болуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыра береміз.