fbpx

KZ

2025 жылғы 1 желтоқсанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының акушерлік департаментінде 32-ші апталық егіздер қыз және ұл дүниеге келді.
Туған кездегі салмағы: қыз — 1535 г, ұл — 1578 г.

Жаңа туған балалар ҰШМҮО мамандарының бақылауында 38 күн бойы болып, қажетті медициналық көмек пен кәсіби медициналық күтім алды. Дәрігерлердің үйлесімді жұмысы мен медициналық қызметкерлердің қамқорлығы арқасында балалар салмақ қосып, күш жинады.

8 қаңтарда анасы балаларымен бірге жақсы жағдайда үйлеріне шығарылды.

Отбасыға мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз, ал ҰШМҮО медициналық командасына жоғары кәсібилігі, еңбегі және қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз.

FaLang translation system by Faboba