fbpx
103

Ғылым және білім

2026 жылғы 16 ақпанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында балаларға арналған травматологиялық пункт өз жұмысын бастады. Осы уақыт аралығында түрлі жарақаттар, аурулар, буын шығуы және сынықтар бойынша 6 740 бала медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде 4 042 (59,9%) — ұл балалар, 2 698 (40,1%) — қыз балалар.

Мамандар балаларға дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, ата-аналарды балалар жарақатының алдын алу шараларын сақтауға, үйде, көшеде және спортпен айналысу кезінде қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырады.