fbpx
103

Ғылым және білім

2021 жылғы 20 сәуірде сөйлеу алмау, әлсіздік және сол қолы мен аяғындағы қозғалыстың шектелуі, бас ауруына шағымдармен 1981 жылы туған әйел Сүйіндік ауылдық ауруханасына келіп түсті.

Қатты ауырған – таңертең құлап, есінен танып қалған. Учаскелік дәрігер шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді, жай-күйі тұрақталғаннан кейін емдеуге ауруханаға жеткізілді.

Пациентке жіті ми қан айналымының бұзылуы, аралас инсульт, сол жақ гемипарез диагнозы қойылған. Неврологиялық белгілерге байланысты жалпы жай-күйі ауыр.Телефон арқылы аудандық аурухананың невропатолог дәрігерімен консультация өткізілді.

Ауылдық ауруханада бейінді медициналық маман жоқ екенін назарға ала отырып, сондай-ақ елді мекеннің облыс орталығынан қашықтығына байланысты (600 км.) ағымдағы жылдың 25 сәуірінде одан әрі зерттеп-тексеру және мамандандырылған ем қабылдау үшін пациент Атырау қаласының Облыстық инсульт орталығына медициналық авиация күшімен тасымалданды.