fbpx
103

Ғылым және білім

2021 жыл 27 маусымда жедел медициналық жәрдем бригадасы ЖКО оқиға орнынан 1996 жылы туған ер адамды Жамбыл облысы Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізді.

Қабылдау бөлімшесінде медицина мамандары қарап-тексеріп, реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Пациенттің жалпы жай-күйі аралас жарақатқа байланысты ауыр. Ер адамға мидың жабық жарақаты, аяқтары мен қолдарының бірнеше жерден сынуы және травматикалық шок диагнозы қойылды.

Шұғыл емдеу қажеттілігіне, сондай-ақ бейінді травматологиялық бөлімшеде мамандандырылған медициналық көмек алуға байланысты 2021 жылғы 29 маусымда пациент тікұшақпен Тараз қаласының Мемлекеттік көп бейінді ауруханасына шұғыл тасымалданды.