fbpx
103

Ғылым және білім

2021 жылғы 31 қазанда жамбас буынының ауырсынуына, қозғалыс қабілетінің бұзылуына шағымданған 74 жастағы әйел жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауыр халде Шу қалалық ауруханасына жеткізді. Тұрмыстық жағдайда жарақат алған – үйдің кіреберісінен құлап түскен. Қабылдау бөлімшесінде кезекші дәрігер қарап-тексеріп, жай-күйінің ауырлығына байланысты жансақтау бөлімшесіне емдеуге  жатқызылды.

Рентгенография жүргізілді,онда жамбас сүйектерінің сынуы анықталды.                                                              

Пациенттің ауыр жай-күйіне, ауырсыну синдромына, алынған жарақатқа байланысты әйелге мамандандырылған бейінді медициналық көмек қажет болды.

2 қарашада медициналық авиацияның мобильдік бригадасымен пациент тұрақты жай-күйде Тараз қаласындағы Көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді.