fbpx

KZ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Акушерлік департаментінің ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз!

Енді әйелдер заманауи көпсалалы аурухана жағдайында білікті акушерлік көмек ала алады.

 Біз алғашқы босанушыларды қабылдап үлгердік, және дүниеге алғашқы сәби — қыз бала келді. Бұл жай ғана қуанышты жаңалық емес, орталықтың дамуындағы жаңа маңызды кезең.

 Акушерлік департаменті тәжірибелі акушер-гинекологтар мен орта буын медицина қызметкерлерінен құралған кәсіби командамен жасақталған. Бөлім палаталары болашақ аналарға қауіпсіздік пен қолайлылықты қамтамасыз ететін қажетті жабдықтармен толық жабдықталған.

Акушерлік департаментінің ашылуы — ҰШМҮО-ның тек шұғыл емес, сонымен қатар жоспарлы және босану қызметін де көрсететін толыққанды медициналық көмек орталығы ретінде дамуындағы маңызды қадам болып табылады.

FaLang translation system by Faboba