2025 жылғы 11 шілдеде Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды.
Іс-шара аясында журналистерге 250 төсекке есептелген, 29 бағыт бойынша қызмет көрсететін 9 клиникалық департаменттен тұратын Орталықтың көпсалалы ауруханасының заманауи клиникалық базасы таныстырылды. Пресс-турға қатысушылар:
Жалпы хирургия, акушерлік, политравма, терапия, кардиоторакальды хирургия және кардиология, урология және амбулаториялық хирургия, іріңді-септикалық хирургия және күйік бөлімі (комбустиология), гинекология, нейрохирургия департаменттердің жұмысымен танысты.
Пресс-турды ҰШМҮО Басқарма төрағасы Ержан Әділбеков өзі бастап жүріп, Орталықтың қазіргі жұмысы жайлы жан-жақты айтып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.
БАҚ өкілдері орталықтың техникалық жарақтандыру деңгейін, медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен шұғыл көмек көрсету деңгейін жоғары бағалады.