2025 жылдың 14 шілдесінде жүрек толқытар қуанышты оқиға орын алды — Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Акушерлік департаментінде дүниеге келген алғашқы нәресте – Кәусар есімді қызымызды анасымен бірге ақ жарқын көңілмен үйіне шығарып салдық.
Кәусар – бірнеше күн бұрын өмірге келген кішкентай ару. Бүгін ол ата-анасымен бірге ақ тілекпен өз шаңырағына аттанды.
Осы ерекше сәтке Орталықтың Басқарма Төрағасы Ержан Әділбеков арнайы қатысып, отбасыға құттықтау грамотасы мен сәбиге арналған сыйлықтарды табыстады.
Бұл – тек бір отбасының емес, ҰШМҮО ұжымы үшін де ерекше маңызды күн. Кәусар аман-сау өсіп, шаттыққа толы өмір сүрсін!
Орталығымызда дүниеге келетін сәбилер саны арта берсін деп тілейміз!