Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен тақырыптық іс-шара өтті.
Журналистер ҰШМҮО Басқарма Төрағасы Ержан Әділбековтен сұхбат алып, инсульт, оның алдын алу және неврологиялық ауруларды емдеу мәселелері бойынша өзекті сұрақтарға жауап алды.
Қатысушылар сондай-ақ ҰШМҮО Нейрохирургия департаментінің жұмысымен танысты. Бұл бөлімшеде миішілік қан құйылу, бас-ми жарақаты, аневризма және инсульттің ауыр түрлері бар науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.
Бөлімше заманауи медициналық жабдықтармен толық жабдықталған және нейрохирургтар, неврологтар мен реаниматологтардың үйлесімді командалық өзара іс-қимылы негізінде жұмыс істейді. Мұндай тәсіл өмірге қауіп төндіретін ең күрделі жағдайларда да жедел және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.