2025 жылғы 23 шілдеде Маңғыстау облыстық ауруханасынан 2006 жылы туған пациент мидың веналық тромбозынан туындаған, іріңсіз (непиогенді) ми инфаркті диагнозымен шұғыл түрде тасымалданды.
Тасымалдауды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильдік бригадасы жоғары деңгейде жүзеге асырды. Бригада құрамында дәрігер Жұмағұлов Жасұлан және фельдшер Раева Гүлден болды.
Медициналық бригада жұмысының үйлесімділігі мен кәсібилігінің арқасында пациент ҰШМҮО ауруханасына дер кезінде жеткізіліп, әрі қарай мамандандырылған ем қабылдау үшін нейрохирургия департаментіне жатқызылды.