21 шілде мен 31 шілде аралығында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының өңірлерінен келген медицина қызметкерлеріне халықаралық стандарттарға сәйкес шұғыл медициналық көмек көрсету дағдылары бойынша оқыту жүргізуде.
Бағдарлама аясында қатысушылар:
* реанимациялық іс-шараларды жүргізудің заманауи алгоритмдерін меңгереді;
* шұғыл жағдайларда әрекет етуді пысықтайды;
* командамен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын дамытады.
Әрбір қатысушы реанимациялық бригаданың жетекшісі рөлінде болып, сын-тегеурінді жағдайларда команданы басқару қабілетін симуляциялық ортада жетілдіруге мүмкіндік алады.