2025 жылғы 7 тамызда туғанына бір тәулік болған туа біткен даму ақауы бар жаңа туған нәресте Улытау облысы, Сәтбаев қалалық ауруханасынан Астана қаласына шұғыл түрде тасымалданды.
Тасымалдау Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильдік бригадасының күшімен жүзеге асырылды. Бригаданың құрамында дәрігер Жолдыбалин Саябек пен фельдшер Раева Гүлден қызмет атқарды.
Мамандарымызға кәсібилігі, жеделдігі және өз ісіне жанашырлықпен қарағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Сәбиге зор денсаулық пен тезірек сауығып кетуін тілейміз!