fbpx

KZ

2025 жылғы 20 тамызда Орал қаласынан Астанаға жедел бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған ауыр жағдайдағы бір жасар бала шұғыл тасымалданды.

Тасымалдауды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиация күштері жүзеге асырды. Ұшуды дәрігер Тілекберді Саяхат пен фельдшер Жұмабаев Бақыт мобильдік бригада алып жүрді.

Бала одан әрі емделу және білікті медициналық көмек алу үшін ана мен бала орталығына аман-есен жеткізілді.

Біз медициналық авиация бригадасына үйлесімді және кәсіби жұмысы үшін Алғыс білдіреміз және сәбиге тезірек сауығып кетуін тілейміз!

FaLang translation system by Faboba