2025 жылғы 17 тамызда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиация күшімен 2014 жылы туған пациент Ақтаудан Астанаға шұғыл тасымалданды.
Бұл рейс жаңа Bombardier CRJ200 ұшағының алғашқы ұшуы болды, ол пациенттердің өмірін сақтап қалудың күрделі тапсырмаларын орындауға дайын екенін растады. Тасымалдау дәрігер Д. Е. Жантасов пен фельдшер Е. С. Құндақбаевтың құрамында медициналық авиацияның мобильдік бригадасының көмегімен жүзеге асты.
Пациент әрі қарай емделу және білікті медициналық көмек алу үшін №2 қалалық балалар ауруханасына аман-есен жеткізілді.
Медициналық авиация командасына кәсібилігі, жеделдігі және үйлесімді жұмысы үшін алғыс айтамыз!