2025 жылдың 29 тамызында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған мерекелік жиын өтті. ⠀ Шара аясында Ата Заңның қоғамдағы орны мен оның әрбір қазақстандықтың құқығы мен бостандығын қорғаудағы рөлі жайлы тағылымды ойлар айтылды. ⠀
Салтанатты жиынға қатысқан AMANAT партиясының Астана қаласындағы “Бірлік” аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Есенбек Серкебаев орталықтың бірқатар қызметкерін алғыс хаттармен марапаттап, олардың ел игілігі жолындағы еңбегіне ризашылығын білдірді. ⠀
Мереке соңында әсем ән шырқалып, жылы жүздесуге ұласқан кеш ұжымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. ⠀
Бұл күн – заң үстемдігі мен ел бірлігін ұлықтайтын маңызды мейрам. Ата Заңымыз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!