2025 жылғы 5 қыркүйекте Қырғызстан Республикасынан көптеген жарақаттар алған 2003 жылы туған пациент Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына шұғыл түрде жеткізілді.
Тасымалдауды ҰШМҮО-ның медициналық авиация мобильдік бригадасы жүзеге асырды. Бригаданың құрамында дәрігер Жумагұлов Жасұлан, фельдшер Болеубаева Бибігүл және травматолог-дәрігер Арыстанғалиев Ермек болды.
Біз медициналық авиация бригадасына үйлесімді және кәсіби жұмысы үшін Алғыс білдіреміз және пациентке тезірек сауығып кетуін тілейміз!