fbpx

KZ

13 қыркүйек — алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша Дүниежүзілік күн, ол жыл сайын қыркүйектің екінші сенбісінде атап өтіледі.

Бұл күн алғашқы көмек көрсетуге қатысты білім мен дағдылардың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Себебі дәл осы білім мен әрекеттер сын сағатта дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беріп, өмір мен өлім арасындағы «алтын секундтарда» шешуші рөл атқарады.⠀


Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының Оқу-тренингтік орталығы жұмыс істеген жылдар ішінде алғашқы көмек көрсету бойынша 30 000-нан астам практикалық семинар мен тренинг өткізілген.


Бүгін біз алғашқы көмек көрсетумен айналысатын барлық мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жанқиярлықтарыңыз және шынайы жанашырлықтарыңыз талай өмірді аман алып қалуға себеп болып отыр. Әрқайсыңыз — нағыз қаһармансыздар!

FaLang translation system by Faboba