2025 жылдың 17 қыркүйегінде Ақтау қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жедел медициналық жәрдем бригадаларының Республикалық чемпионаты басталды.
Іс-шараны Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, ҰШМҮО Басқарма Төрағасы Ержан Әділбеков, ҚР Жедел медициналық жәрдем қауымдастығының Төрағасы Асхат Сапаров құттықтау сөз сөйледі.
Чемпионатқа Қазақстанның 20 өңірінен келген бригадалармен қатар, Ресей, Беларусь және Әзербайжан елдерінен келген шетелдік командалар қатысуда.
Жарыс 17,18,19 қыркүйек үш күн бойы өтеді. Соңғы күні жарыстың жеңімпаздарын марапаттау және чемпионатты ресми жабу салтанаты өтеді.