fbpx

KZ

2025 жылғы 18 қыркүйекте Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь елдерінен делегациялар ресми сапармен келді.

Сапар барысында қонақтар Диагностика департаменті мен Қабылдау бөлімінің жұмысымен танысып, орталықта қолданылып жатқан заманауи технологияларды көрді.

 Кездесудің негізгі мақсаты – ДДСҰ-ның Еуропалық аймағындағы денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау саласында тәжірибе алмасу және инновациялық цифрлық шешімдерді енгізу бойынша ынтымақтастықты нығайту.

 Шетелдік делегациялар орталықтағы медициналық көмекті ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға беріп, бұл тәжірибені өңірлік деңгейде тарату маңызды екенін атап өтті.

FaLang translation system by Faboba